«Бұрымды қыз-2024» арулар байқауы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бұрымды қыз-2024» арулар байқауы
15
март
2024

«Бұрымды қыз-2024» арулар байқауы

№16 орта мектеп-гимназиясында 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне, көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бұрымды қыз-2024» арулар байқауы өткізілді.
Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Байқауға 5,6,7,8 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр қатысушы өзін жан-жақты көрсете алды. Әділ-қазылар алқасы ардагерлер ұйымының әжелері болды.
Байқау төмендегідей бөлімдерден тұрды:
І - бөлім: «Мен - қазақтың қызымын дара туған» Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырды. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түсті.
ІІ - бөлім: «Бұрымды қыз» шаш өру үлгісін көрсету. Бұл кезеңде аруларымыз өзінің құрбыларының шаштарын әдемі өру арқылы өзнің шаш өре алу үлгісін көрсетті.
ІІI - бөлім: «Салт – дәстүрді білесің бе?» (Сұрақ-жауап)
ІV бөлім: Қос бұрым өрген, ұлттық киімдегі арулар дефилесі. Бұл бөлімде арулар қазақ халқының сән үлгісін көрсеті. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән берілді.
V бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша «Бұрымды қыз-2024» байқауының бас жүлдесін 5«А» сынып оқушысы Таңатар Айым иеленді.
І орынды – 8 «Ә» сынып оқушысы Есімжанова Асия жеңіп алды,
ІІ орын – 7 «А» сынып оқушысы Бекзатқызы Қаламқас тиесіл болды,
6 «А» сынып оқушысы Ақылбек Айша ІІІ орынды иеленді.
Бақи Жібек 6 «А» сынып оқушысы - «Өнерлі ару» атты номинациясын алса , ал «Инабатты ару» номинациясы 8 «А» сынып аруы Еркінқызы Адемаға табысталды.