Тәуелсіздік күніне орай 1-4 сыныптар аралығында «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын» байқауы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күніне орай 1-4 сыныптар аралығында «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын» байқауы
21
декабрь
2023

Тәуелсіздік күніне орай 1-4 сыныптар аралығында «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын» байқауы

Мектепте жоспарланған тәрбие жұмысы бойынша 21 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай 1-4 сыныптар аралығында «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын» байқауы өтті.
Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық әндерді айтқызу,тыңдату арқылы Отанын,туған жерін,туған елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқауға мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері 0 «а» сынып оқушылары Амантай Мансұр жене Әубәкір Нарұл ,2 «в» сынып оқушысы Малеванная Милана ,2 «а» сынып оқушысы Мәлік Айша ,2 «а» сынып оқушысы Абыламет Сабира ,2 «ә» сынып оқушысы Құдайберген Саламат, 3«а» сынып оқушы Мукарам Айзере, 1«ә» сынып оқушысы Ерикова Адель, 4 «а» сынып оқушы қыздары белсене қатысты.
Байқау қатысушыларын бағалау мына критерийлер бойынша өтті :
1) Патриоттық әндерді жанды дауыста орындауы
2) Сахна мәдениеті мен киім үлгісі
3) Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы,орындау шеберлігі
Барлығы 10 баллдық жүйемен бағаланды.Байқуға үш әділқазылар алқасы сайланды.
Әділқазылар алқасының бағалаған шешімі бойынша барлық қатысушы оқушылар өте жоғары деңгейде дайындалып келген . «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын» байқауы өз мәресіне жетіп,оқушылар «Қоңыр дауыс», «Сүйкімді», «Жас талант», «Қылықты» және т.б номинациялармен марапатталды.