«Мұғалім–өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда,оның мұғалімдігі де жойылады» » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұғалім–өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда,оның мұғалімдігі де жойылады»
14
февраль
2022

«Мұғалім–өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда,оның мұғалімдігі де жойылады»

       Жас ұрпақтың жаңа заманға сай  өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында білім беру саласында білім берудің жаңа мазмұны енгізілуде. Себебі, болашақ өмірі үшін өзіндік санасы қалыптасқан, өзі атқаратын, өзі қалайтын іске жан қалауымен бара  алатын тұлға тәрбиеленуі қажет.  Қазіргі таңда Талдықорған қаласы №16 орта мектеп-гимназиясы КММ-нің бастауыш сыныптар бірлестігінің 3-4 сыныптарында  «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» жұмыстары ұйымдастырылып, топ құрылып белсенді жүргізілуде. Зерттеу-оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсіл.

Сынып жетекшілер-сынып оқушыларының жағдайын зерттей отырып,берілетін пән арқылы оқушылардың ерекшелігі мен қабілеттерін ескере отырып,өзінің кәсіби өсуіне және оқушының жан-жақты ашылып жетілуіне басты назар аударуда.

Зерттеу тобының атауы: “Ізденіс” 

Зерттеу сұрағы:   «Бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсініп оқу дағдысын қалай жақсартуға болады?»

Мақсаты:

1.Оқушылардың әдеби тілдік қорын жетілдіру арқылы- оқылым, тыңдалым, айтылым,  дағдыларын дамыту 

2.Белгілі бір тақырыпқа қатысты түсініп оқып,өз ойын еркін жеткізу, мәтіндегі негізгі ақпараттарды табу, өзіндік талдау жасауына   мүмкіндік тудыру 

      Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу барысында бастауыш сынып   ұстаздары: Есмуханова Саулет Баймурзиевна, Керейбаева Гүлнұр Омирзаковна, Нуракова Сауле Орынбаевна, Байгереева Арай Болатбековна сабақ өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Ұйымдастырылған сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдермен «Баяндама», «Мені түсін», «Үш негізгі ақпарат» және бірнеше ойындар  ұйымдастырылды. Сонымен қатар, топтық жарыс түрінде, оқушының түрлі дәлелдері арқылы сабақтар зерттеліп, білім сапасын арттыратын белгілі бір тәсілдер қолданылып, өз деңгейінде ұйымдастырылды. Нысанаға А,В,С оқушыларын белгілей отырып жүргізілді. Зерттеу сұрағын негізге алып, сабақтар барысында өзін-өзі және өзара бағалау түрлері қолданылды. Зерттеу тәсіліне қатысу арқылы әріптестер кәсіби біліктілігін жетілдіре алды, әр сабаққа рефлексия жасау арқылы әріптестер ізденіс жасауға бейімделді және қарым-қатынас мәдениеті орнады.

       Нәтижесінде оқушылардың білімдерін, қолданған әртүрлі тәсілдер арқылы кеңейіп, өткізілген әр сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттыра түстік. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз.