«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны»
02
март
2022

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны»

2020-2021 оқу жылының I жарты жылдығында  №16 орта мектеп-гимназиясының 8 «Ә» сыныбында зерттеу сабақтарының I циклы аяқталды. 
«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. 
Осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдерінен сыныпта қандай проблемалар бар екенін анықтадық. 
«Зерттеу сұрағы: 8«Ә» сынып оқушыларының қызығушылығын «Маңызды аймақ» әдісін қолдану арқылы арттыра аламыз ба? » – деп алдық.
Мақсаты: Функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сабақты зерттеу тобының мүшелері
  1. Болатбаева А.Н – биология пәні мұғалімі
  2. Турлюгазинова Г.Б- химия пәнінің мұғалімі
  3. Дәрменбекова Н.Н-тарих пәнінің мұғалімі
  4. Толымбекбаева М.Т-математика пәнінің мұғалімі
Зерттеу сабағын өткізген мұғалімдердің сабақтарынан көрініс.