«Информациятан ақ-қараны ажырату өнері » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » «Информациятан ақ-қараны ажырату өнері
08
февраль
2024

«Информациятан ақ-қараны ажырату өнері

№ 16 орта мектеп- гимназиясында 6 ақпан күні 5-9 сынып оқушыларының
ата-аналарына сынып жетекшілер З.М.Шалкарова, К.А.Ботантаева, А.Н.Болатбаева
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" бесінші сабағын өткізді.
Тақырыбы: «Информациятан ақ-қараны ажырату өнері.
Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.
Міндеттері:
1. Интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Сабақ барысында ата-аналарға видеоматериалдарды және ақпараттарды жеткізе отырып, тапсырмалар беріп, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, интернеттің пайдасы мен зиянын атап өтті. Кез келген ақпараттан ақ пен қараны ажырату, интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналарға ақпарат берілді, интернет қауіптерінен қорғану жолы ұсынылды.
Ата –аналардың жылы лебіздерімен сабақ аяқталды.
«Информациятан ақ-қараны ажырату өнері