«Интернетсіз бір күн» акциясы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » «Интернетсіз бір күн» акциясы
07
февраль
2024

«Интернетсіз бір күн» акциясы

7 ақпан күні «Интернетсіз бір күн» акциясы өтті. Балалардың басым бөлігі уақытын компьютермен және ұялы телефонмен өткізгенді ұнатады. Мамандар компьютерде ұзақ уақыт отыру, телефондағы ойындарды ойнау адам денсаулығына өте зиян екенін айтады. Компьютердің зияны туралы ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген.Мектебімізде интернетсіз бір күн акциясы өтті.
Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, ересектердің жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру.
Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз. Әсіресе ЕНТ-ге дайындалушы 11-сынып оқушыларына уақытын босқа өткізбеуге, жалпы адамның қу темірден гөрі рухани азығы мол кітаппен дос болуға шақырды. "Интернетсіз бір күн " аясында қызықты үзілістер ұйымдастырылды.Алғашқы үзіліс уақытында «Ламбада» биі биленді,екінші үзілісте оқушылар караокемен ән айтты. Әр үзіліс өзінше қызықты өтті.