“Білімім - Отаныма” атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты
“Білімім - Отаныма” атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағаты ҚР әнұранымен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің үндеуін тыңдаумен жалғасын тапты. 2023-2024 оқу жылына қорытынды жасалды. Мақсаты: оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.