“Mibattle”- интеллектуалды ойыны » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Mibattle”- интеллектуалды ойыны
29
январь
2024

“Mibattle”- интеллектуалды ойыны

№16 орта мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен қазақша“Mibattle”- интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтті. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салды.Ойынға 5 топ, әр топта 5 оқушыдан қатысты. Сайысымыз V кезеңнен тұрды.
I кезең.Табиғат сұрақтары:
II.Логика әлемі сұрақтары:
III.Салт-дәстүр кезеңіндегі сұрақтар:
IV.Туризм кезеңіндегі сұрақтар:
V.Логикалық шифрлар.
Ойын ережесі:
Әр кезеңде 6 логикалық сұрақтар қойылады,оқушылар берілген уақыт арасында жауаптарын алдын ала дайындалған жауап парғына жазулары керек. Берілетін регламент 30 секунд. Әр кезең соңында оқушыларға дұрыс жауаптары көрсетіліп отырады. Әрбір дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Егер кезеңде бірде-бір дұрыс жауап болмаса топқа -2 бал койылады.
“Mibattle”- интеллектуалды ойынының нәтижесі:
I орын – 9 ә сынып оқушылары «Алаш» тобы – 24 бал
ІІ орын – 8 а сынып оқушылары «Сұңқар» тобы - 23 бал
ІІІ орын – 9 а сынып оқушылары «Жалынды жастар» тобы – 19 бал
“Mibattle”- интеллектуалды ойыны