08
октябрь
2024
Эстетикалық цикл әдістеме бірлестігінің апталығы
№ 16 орта мектеп – гимназиясында Эстетикалық цикл әдістеме бірлестігінің апталығының ашылуына байланысты « Өнерлі еңбекпен өрге жүзер!» тақырыбы бойынша мектепішілік салатанатты жиын өткізілді. 7 «А» сыныбының оқушысы Ақылбек Айша «Аққу» биін биледі және 8 «А» сынып оқушысы Бекзатқызы Қаламқас «Еркесылқым» күйін орындап шықты. Мектепішілік мектеп дәлізінде «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» атты тақырыпқа қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Оқушылардың бойына танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.