«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау
21
декабрь
2023

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау

« 2023 жылдың 21 желтоқсан күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Мақсаты: Школьникам еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау салтанатты жиынына мектеп директорының орынбасарлары Есмурзаева К.К.,Ким О.П.,Керейбаева Г.Ө. қатысты. Мектеп президенті Сүндетбай Жанерке, «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенді мүшелері Биғабылова Нұрай,Қали Аяулым белсене атсалысты.
Жиынға мектебіміздің озат, үлгілі шәкірттері ретінде «Жас ұлан» ұйымына 72 оқушы қабылданды. Мерекелік шараны мектеп директорының орынбасары Керейбаева Гүлнұр Өмірзаковна ашып, оқушыларды құттықтап өтті. Ортаға Қазақстан Республикасының Туы кіргізіліп,мемлекеттік ән ұранымыз орындалды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылданушы оқушылар ант қабылдап, мектебіміздің ұстаздары мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенді мүшелері көк галстуктер мен төс белгілерін тақты. Жиын соңында «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының белсенділері мен қабылданушы оқушылар Жас Ұланның әнұранын хормен айтты. Осымен іс-шарамыз ойдағыдай өтті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.