«Қазақпын деп, мақтанам» атты конференция » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » «Қазақпын деп, мақтанам» атты конференция
11
декабрь
2023

«Қазақпын деп, мақтанам» атты конференция

Алаштың ардақты ақыны, қазақтың белгілі ақыны, шоқжұлдыздай жарқ етіп, өмірден ерте кеткен Сұлтанмахмұт Торайғыровты дәріптеу мақсатында, 130 жылға толуына орай, №16 орта мекте-гимназиясында 08 желтоқсан күні қазақ тілі пәні мұғалімі Джанабаева Г.Қ. және кітапханашылардың ұйымдастыруымен 10-11сынып оқушылары арасында «Қазақпын деп, мақтанам» атты конференция өтті.
Кіріспе бөлімінде ақынның өмір жолы жайында видеокөрсетілім қойылып, өлеңдері, шығармалары, поэмаларын жайында сөз қозғалып, ақын кітаптарымен таныстырылым болып өтті.
Негізгі бөлімде жазушының еңбектерінің бірі қоғам шындығын көрсететін, әйелдер теңсіздігі, махаббат мәселесін көтерген туынды- «Қамар сұлу» романы жайында айтылды.
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы өз кезінде жаңашылдығымен көрінеді. Оқушылар әйел теңсіздігі тақырыбына жазылған романдағы
басты кейіпкерлерге мінездеме беріп, жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашты.
Романдағы әлеуметтік мәселелерге тоқталып өз ой-пікірлерін айтты.
Роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен байланыстыра салыстырып,
менің қиялымдағы - «Қамар бейнесі» атты тақырыпта ой бөлісті.
«Қазақпын деп, мақтанам» атты конференция