«Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ерлік сабағы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ерлік сабағы
05
май
2023

«Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ерлік сабағы

№16 орта мектеп – гимназиясында Ұлы Отан соғысының аяқталуына 78 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың қонақтары, Ауған соғысының ардагерлері: Айнеков Марат Сейтаевич, Омаров Амангелди Жумаханович, Уразалиев Алмаз Утегенович және Талдықорған қалалық қорғаныс істері басқармасы бастығының әскери-патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі Есет Жеңісұлы Дәуренбаев болды.
Сабақ барысында оқушылар соғыстың басталу тарихы, барысы, қаза болғандар саны мен зардаптары, қазақтың батыр ұл, қыздары жайлы мағлұматтар алды. Бауыржан Млмышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигельдинов, Сағадат Нұрмағамбетов Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова жайлы бейне деректер көрсетілді. Оқушылар қонақтарға соғыс жайлы, онда көргендері жайлы сұрақтар қойып толық жауаптар алды.
Іс – шара соңында мектеп директоры атынан қонақтарға жасаған ерліктері үшін алғыс хаттар берілді.
«Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ерлік сабағы