Тіл мерекесі » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
15
сентябрь
2022

Тіл мерекесі










Қазақ тілі-сұлулығымен бой балқытып,тамыр шымырлататын,құлақ құрышын қандыратын,өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп,адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.
Бауыржан Момышұлы
«Қазақстан Респуликасындағы Тіл туралы Заңындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Үкімет қаулысына сай «№16 ОМГ»КММ-де 05.09-15.09 аралығында «Тілдер мерекесі» онкүндігі болып өтті.»Тіл-асыл қазына» тақырыбындағы онкүндік мақсаты «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» құндылықтарын жалпыұлттық патриоттық идеясынұлықтау, үш тілді меңгерген, латын әліпбиімен қаруланған,көшбасшылық қасиеттері басым азамат тәрбиелеу.
Онкүндікке қазақ,орыс, ағылшын тілі пән мұғалімдері мен оқушылар белсенді қатысты.
«Тілім-өлмес мұрам» тақырыбында 7-сынып оқушылары тілдік десант ретінде тіл туралы өлеңдерін өзге сынып оқушыларына мәнерлеп оқып таныстырды.
«Қазақша сөйлеп үйренеміз» тақырыбымен бастауыш орыс сыныптары арасында мақал, жаңылтпаш байқауы өтілді. 2-4 сыныптар арасындағы байқауға оқушылар белсенді қатысты. 2Б сынып оқушылары жеңіске жетті.
«Ұлттың ұлы тұлғасы» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында А.Байтұрсыновтың өмірмен шығармашылығына арналған жобалар байқауы өтілді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері О.Ким, Ш.Таласбаева, Ж.Ашимова және Ғ.Тоқтабаеваның ұйымдастыруымен “English aroundthe world”, Let’s leran English by playing“, Learn English is fun” зияткерлік сайысы өтілді.
Орыс тілі пән ұстаздары «Тіл мәртебесі-ел мерейі»тақырыбында эссе байқауын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.
Тіл мерекесі онкүндігінде А.Байтұрсынов өлеңдері кеңінен насихатталды.Мектеп дәлізінде үштілдегі таныстырылымдар оқушылар үшін тартымды әрі танымдық болды.Тіл мерекесінің жабылу салтанаты ән мен биге ұласты.