Хаттама №2 » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
29
март
2019

Хаттама №2



Хаттама №2

/кезектен тыс/

Өткізілген күні: 26.09.2018ж.

Өткізілген уақыты: 18.00

Қатысқандар: Ата-аналар комитет мүшелері

Мектеп директоры:С.Сулейменова

Директордың  орынбасарлары: 5 адам

Әлеуметтік педагог: Р.Абеуова

Күн тәртібі:

1.2017-2018 оқу жылының қорытындысы

2.Попечительский совет жұмысы

3.Попечительский совет мүшелерін сайлау


Тыңдалды: Мектеп директоры С.Сулейменова сөйледі.

Попечительский советтің жұмысын ұйымдастру және оны сайлау тәртібін сайлау үлігілі қағидаларын ҚР «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9 тармағына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 27 шілде 2017 жылғы №355 бұйрығымен таныстырып өтті.

Попечительский совет қызметі және оны сайлау тәртібіне қеңінен тоқталды.

Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу жөніндегі орынбасары Ж.Адамова тыңдалды.

2017-2018 оқу жылында 43 сынып комплектісі және 3 мектеп алды даярлық тобы жинақталған. Мектеп оқу жылын 885 оқушымен бастап, 880 оқушы контингентімен аяқтады. Мектеп алды даярлық сыныбы 59 оқушымен бастап, 66 оқушымен аяқтады.

Мектеп оқу үрдісін 2 ауысымда жүргізді. 1-ші ауысымда 451 бала, 2-ші ауысымда 434 бала білім алды. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылар саны-15. Гимназия сыныптары – 6.

Тереңдетілген сыныптар мен пәндер: 7б, 8ә сыныптарда қазақ тілі; 8 в сыныбында тарих, 8г сыныбында биология, 9ә сыныбында ағылшын тілі, 6б сыныбында жаратылыстану.

Жалпы 2017-2018 оқу жылында білім сапасы 61,1 пайызды көрсетті.

Мектеп оқушыларының жетістіктеріне тоқталды.






Оқушылардың облыстық ғылыми кезеңінің қорытындысы бойынша 11 а сынып оқушысы Байденова Ариана -2, 9б сынып оқушысы Лактионов Артем, Журавлев Артем-3 жүлделі орындарға ие болды.

Даутов Темирлан 11 сынып оқушысы, Кажаева Айдана 8 сынып оқушысы тарих секциясы бойынша І орын облыстық және І орын республикалық ҚҒА ғылыми жобалар жарысында ие болды.

«Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік  журналының ұйымдастырылуымен «Ғылыми жолында» республикалық ғылыми жоба байқауында 6 сынып оқушысы Токаев Алихан ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 41 оқушы бітірді, оның ішінде қазақ сыныбында 24 оқушы, 1 оқушы Шынжырбай Құралай «Алтын белгі» иегері.

ЕНТ-ға қатысқан оқушылар саны -35

Мектебімізде 75 мұғалім қызмет етеді, оның ішінде:

Жоғары санатты – 38

Бірінші санатты – 18

Екінші санатты – 4

Жас мұғалімдер -15

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектеп болды.

Екінші сұрақ бойынша директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Муратбаева сөйледі:

Попечительский совет:

1.Мектептің Жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

2.Қайырымдылық көмек ретінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады;

3.Мектеп қызметінің мәселеріне конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

4.Мектептің қызметін білім беру ұйымындағы білім оқушыларға  жасалған жағдаймен танысады, білім беру психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

5.Мектеп қызметкерлері қамқоршылық кеңестің құзыреттігіне мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.






Попечительский совет білім беру ұйымының әкімшілігімен , ата-аналар комитетімен, жергілікті атқару органдарымен өзара әрекет жасайды.

Попечительский совет мұшелерінің өз өкітеттігін орындауы өтеусіз негізде асырылады.

Қамқоршылар кеңестің құрамы:

  1. Қоммерциялық емес ұйымдардың өкілдері

  2. Қайырымдылық жасаушылар

  3. Мектептің оқушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері, ата-аналар көмитетінің ұсынысы бойынша

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Попечительский совет отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе орынбасарлары қатысады. Попечительский советінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Попечительский совет мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. Үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры С.Сулейменова сөйледі. Мектепте Попечительский советтің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 27 шілде 2017 жылғы №355 бұйрығы негізінде жұмысістейді.

Попечительский советтің отырысын ұйымдастыру туралы хабарламаға Попечительский совет төреағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күні белгіленіп, жіберіледі. Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

Білім беру ұйымы Попечительский советінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие.

Үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры С.сулейменова сөйледі. Өз сөзінде қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлауға ұсыныс білдірді. Мектепішілік ата-аналар комитеті ұсынған қамқоршылық кеңес мүшелері болып төмендегі адамдар  сайлауға ұсынды:

  1. Кенжеманова А.А.

  2. Чупина А.В.

  3. Ермұхамет Ж.

  4. Шанцева Е.В.

  5. Габелко Е.В.

  6. Молдабекова Д.А.

  7. Абдильдаева А.






  1. Ажибеков Е.Е.

  2. Тихонов С.О.

Осы ұсынылған адамдарға мектепішілік ата-аналар комитеті мүшелері толықтай дауыс берді.


Шешімі: Төменде аттары аталған қамқорлық кеңес мүшелері бекітілсін:

  1. Кенжеманова А.А. – ЖШС «Энергострой», экономист, қамқоршылық кеңес төрайымы

  2. Чупина А.В. – облыстық прокуратура бөлім басшысы, қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары

  3. Ермұхамет Ж. – Алматы обл. мамандырылған экономикалық сот жетекші маман, Попечительский совет мүшесі

  4. Шанцева Е.В. – ЖШС «Электросервис» ,маман, Попечительский совет мүшесі

  5. Габелко Е.В. – УВД Талдықорған қ., ст.криминалист, Попечительский совет мүшесі

  6. Молдабекова Д.А. – ТОО «Бахус сауда» торговый агент, Попечительский совет мүшесі

  7. Абдильдаева А. – домшаруасы, Попечительский совет мүшесі

  8. Ажибеков Е.Е. – «Жетісу» қайырымдылық қоры,  тәрбиеші, Попечительский совет мүшесі

  9. Тихонов С.О. – ЖШС «Инфраэнерго» слесарь, Попечительский совет мүшесі



Кеңес төрайымы:               А.Кенжеманова