Мәтін- оқу сауаттылығын дамытудың жолы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » Мәтін- оқу сауаттылығын дамытудың жолы
17
ноябрь
2022

Мәтін- оқу сауаттылығын дамытудың жолы

2022 жылдың 17-қарашасында «№16 ОМГ»КММ-сінде «Мәтін- оқу сауаттылығын дамытудың жолы» атты коучинг болып өтті. Коучингті «Тәжірибедегі рефлексия» курсының тренері Танабаева Гульнар Садуакасовна жүргізді.
Коучингтің мақсаты-ұстаздардың мәтін бойынша білімдерін жүйелеу, мәтінмен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін ұсынып, дағды-машықтарын дамыту, тәжірибе алмасу.
Коучинг жағымды ахуал тудыруға арналған «Жақсы тілек» треннигімен басталды. Келесі кезеңде «Мәтін- оқу сауаттылығын дамытудың жолы» тақырыбындағы презентация тұсаукесер
тыңдаумен жалғасты.

Бұл кезеңде мұғалімдер «функцияналдық сауаттылық», «оқу сауаттылығы» сияқты терминдері бойынша білімдерін көрсетіп, толықтырды. « PISA бойынша оқу сауаттылығына қойылатын талаптар қандай ?» деген сауалға жауап алып, топтық жұмыстарда мәтін түрінде берілген арнайы тапсырмаларды орындап, мәтін түрін анықтап, білімдерін жетілдірді. Осы тапсырмаларды орындау кезінде ұстаздарға «ЕБҚО оқушыларымен тапсырманы қалайша барынша қарапайым, қолжетімді етіп өзгертуге болады»? деген сұрақ қойылып, мұғалімдердің жауаптары тыңдалды. Сабақта мәтіналды жұмыста, мәтін бойынша жұмыс кезінде, мәтін соңы жұмыста ЕБҚО оқушыларына жеңіл, әр оқушының ерекшелігіне қарай қолжетімді тапсырма түрлерін ұсынып, баланың пәнге деген қызығушылығын жоғалтпауға тырысу керектігі айтылды.
Жалпы, коучингте ұстаздар мәтін бойынша жан-жақты ақпарат алып, жаңа әдіс-тәсілдермен танысып,оларды тиімді қолдану жолдарымен танысып, тәжірибелерін ортаға салып, ой бөлісті. Коучинг қызықты, берері мол кеңеске айналды.