«Мерейлі отбасы» отбасылық байқауы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мерейлі отбасы» отбасылық байқауы
19
апрель
2024

«Мерейлі отбасы» отбасылық байқауы

№16 орта мектеп-гимназиясында 18 сәуір күні «Мерейлі отбасы» отбасылық байқауы өтті. Байқауға 1-7 сынып оқушылары мен ата-аналары белсене атсалысты.
Мақсаты:
-отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
- ұлттық тәрбиені жаңғырту, өткен күн мен бүгінгі күнді ұштастыра отырып, асыл мұрамыз болып сақталған ұлт қазынасын ұлықтау;
- бала тәрбиесіндегі ата-ананың, немере тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлін көрсету арқылы ұлттың тарихи құндылықтарын ұстанып, үлгілі отбасы бола алатын, қоғамға үлгі болатын отбасыларды насихаттау.

Байқау кезеңдері:
І кезең – «Менің отбасым» таныстыру /еркін форматта, 2 мин аспайтын/.
ІІ кезең – Музыкалық номер /ән, би, әртүрлі аспаптарда ойнау/
IІІ кезең – Ситуациялық тапсырма. Кезеңде ситуациялық тапсырмалар беріледі. Әр отбасында болатын шағын мәселелерді қатысушылар экраннан өздері таңдайды. Қатысушы отбасы осы мәселені шешуі тиіс.
IV. «Шебердің қолы алтын» өнер кезеңі. Сәндік, аспаздық, қолөнер саласы бойынша бұйымдарын көрсету, қорғау.
Әр қатысушы отбасы өте жоғары деңейде дайындалған. Бұл байқауда күмбірлеген күйде,әсем әнде ,мың бұралған биде болды. Кішкентай қыздарымыз аналарымен бәрге дайындаған тәтті тағамдарынанда ала келіпті.
Байқау нәтижесі:
Жақсылыковтар отбасы-7Ә - Бас жүлде (60 балл)
Тәңірберген отбасы - 3Ә- І орын (55 балл)
Муратбековтар отбасы- 2Ә-ІІ орын (55 балл)
Қадырсызовтар отбасы - 6А-ІІ орын (54 балл)
семья Саин - 5Б-ІІІ орын (52 балл)
семья Алимбетовых - 2В – ІІІ орын (49 балл)
Казыхановтар отбасы - 3А- ІІІ орын (50 балл)
семья Швейгерт - 1Б – Номинация ( 48 балл)
семья Литвиненко - 4Б – Номинация (48 балл)
Мулдияровтар отбасы - 1А- Номинация (46 балл)
«Мерейлі отбасы» отбасылық байқауы